Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов Түркияның «Бешикташ» клубына ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркиялық «Бешикташ» Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдиновтың Ыстанбұлға ұшып келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото:instagram.com/besiktas

«Қазақстандық футболшы Бахтияр Зайнутдинов біздің клубпен трансферлік келіссөздерді аяқтау үшін Ыстанбұлға келді. Зайнутдиновты біздің вице-президент Серхан Четинсай әуежайдан қарсы алды», - деп жазады «Бешиктас» баспасөз қызметіне Instagram-да.


Еске салайық, бұған дейін түрік БАҚ «Бешикташ» Бахтияр Зайнутдинов үшін мәскеулік ЦСКА-ға 4,5 миллион еуро төлейтінін жазған болатын. Transfermarkt.de мәліметі бойынша, Зайнутдиновтың нарықтағы бағасы 6 миллион еуроны құрайды.

Қазақстандық футболшы 2020 жылдан бері Мәскеудің ЦСКА клубында ойнады. Үш жылда ЦСКА үшін 83 матч өткізіп, 7 гол соқты.