Қазақстандық футболшы Бауыржан Жолшиев еурокубоктың үздік шабуылшыларының қатарында

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК-ның футболшысы Бауыржан Жолшиевтің кипрлік АПОЭЛ-дің қақпасына дарытқан добы оның еурокубок ойындарында салған 5-ші голы болып есептелді, деп жазады Sports.kz.

Бұдан бұрын ХИК-пен болған ойында Рохер Каньяс өзінің бесінші голын салған болатын. Еуроекубок ойындарында әлі де самат Смақов үздік ойыншы болып қала береді.

Еурокубоктағы қазақстандық клубтардың үздік шабуылшылары:

1.​ Самат Смақов - 8 доп;

2.​ Нұрбол Жұмасқалиев - 7;

3.​ Мұрат Тілешев - 6 (16 матч);

4.​ Марат Хайруллин - 6 (41 матч);

5.​ Бауыржан Жолшиев - 5 (14 матч);

6-7.​ Андрей Финонченко - 5 (25 матч);

6-7.​ Рохер Каньяс - 5 (25 матч).