19 жастағы Дінмұхамед Испанияның жастар лигасындағы клубпен маусым соңына дейін келісімшартқа отырды. «Касабланка» «Сарагосаның» фарм-клубы болып табылады.
Айта кетейік, Кәшкен осыдан екі жыл бұрын да Испанияда ойнаған болатын - «Касабланкада» және мадридтік «Атлетикода». Кейін ол «Астананың» қосалқы құрамына өтті. Ал биылғы маусымды «Жетісу»-Б бірінші лигасында өткізді. Ол еліміздің үміт күттіретін ойыншыларының бірі. Бірақ ҚПЛ-да әлі тәжірибесі жоқ.
Фото: sport.inform.kz