НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшы Аида Гайстенова Ресейдің «Зенит» командасына ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аида Гайстенова былтыр сол елдің Пермь қаласының «Звезда-2005» командасында ойын көрсеткен. Бұл командада өткен жылдың сәуір айынан бастап жасыл алаңға шықты. Аталған ұжыммен бірге Ресей кубогына қол жеткізді. Оған дейін сол елде Красноясркінің «Енисей» клубының намысын қорғады.
Ал «Зенит» әйелдер футбол командасы 2020 жылдың 21 қаңтарында «Зенит» футбол клубының құрылымы ретінде өз жұмысын бастады.
Аида Гайстенова 1994 жылдың 21 мамырында Ақмола облысында дүниеге келген. Ол қазақстандық «Жерим-Ку», «Көкше», «Оқжетпес», «Астана», СВШСМ-«Барыс» командаларының да намысын қорғаған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.