9-12 орындар үшін болған матчта қазақстандықтар 1:5 есебімен есе жіберіп алды. Сонымен Қазақстан құрамасы турнирде үшінші рет қатарынан жеңіліп, енді 11-12 орындар үшін Ауғанстан командасымен тартысқа түспек. Бұл команда Өзбекстан құрамасына 1:6 есебімен есе жіберген еді.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші кездесуде қазақстандық футболшылар Түркия құрамасынан 1:3 есебімен ұтылса, одан кейін Өзбекстан футболшыларынан 1:8 есебімен ойсырай жеңілді.