Онда «А» тобында 2-орын алған Слободан Крчмаревичтен жаттықтыратын қазақстандықтар «С» тобында үздік шыққан Беларусь аяқдопшылармен кездесетін болды. Бұл күні сондай-ақ Украина мен Литва, Иран мен Латвия, Ресей мен Молдова күш сынасады. Егер бұл сында Қазақстан құрамасы басым түссе, 27 қаңтарда жартылай финалда Украина-Литва кездесуінің жеңімпазымен ақтық финалдың жолдамасына таласады. Ол 29 қаңтарда өтпек.
10:00, 24 Қаңтар 2012
Қазақстандық футболшылар «Достастық кубогы» халықаралық турнирінің ширек финалында Беларусь құрамасымен кездеседі
АЛМАТЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 25 қаңтарда Санкт-Петербор қаласында жастар құрамалары арасында өтіп жатқан «Достастық кубогы» халықаралық турнирінің ширек финалдық ойындары басталады.