Қазақстандық Галина Воскобоева WTA рейтингінде екі сатыға жоғарылады

АСТАНА.22 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде бір сатыға төмендеп, қазір 66-орынға түсті,

деп хабарлайды Vesti.kz.

Тағы бір қазақстандық спортшы Галина Воскобоева керісінше екі сатыға жоғарылап, 89-орынға көтерілді, ал Юлия Путинцева бір сатыға көтеріліп, 92-орынға тұрақтады.

Сесиль Каратанчева бір аптаның ішінде 3 сатыға төмендеп, 144-орынға орналасса, Ксения Первак керісінше екі сатыға көтерілді - 142-орында.

WTA рейтингінің бірінші ондығында бір ғана өзгеріс болды - чех спортшысы Петра Квитова мен француздық Марион Бартоли жетінші және сегізінші орындарымен ауысты. Серена Уильямс бұрынғыша рейтингтің көш басында, одан кейін орындарда - ресейлік Мария Шарапова мен Беларусь теннисшісі Виктория Азаренко.