Ислам ұйымының білім, ғылым мен мәдениет саласындағы (ISESCO) сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің ғалымдарына екі жылда бір рет биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технологиялар саласындағы ерекше ғылыми-инновациялық үлесі үшін беріледі. Сыйлық құрамына арнайы сертификат пен алтын медаль және ақшалай сыйлық кіреді.
«Биылғы жылы бұл сыйлыққа математикалық модельдеу мен техникалық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару саласы бойынша қосқан ерекше үлесі үшін қазақстандық ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов лайықты деп табылды. Бұл сыйлыққа ие болу - Мұтановтың ғылыми қызметінің жоғары, халықаралық деңгейде екендігін көрсетеді»,-делінген жоғары оқу орны таратқан хабарламада.
ISESCO сыйлығы 1979 жылы «Ислам конференциясы» ұйым тарапынан ұйымдастырылған бекітілген. Ұйымның қызметі ислам елдерінде ғылым мен білімді және мәдениетті дамытуға бағытталған.