Қазақстандық ғалымдардың еңбегіне қай елдер қызығушылық танытып отыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігінің мамандары отандық ғалымдар ойлап тапқан жаңалықтарға қандай шет мемлекеттердің қызығушылық танытқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2016-2018 жылдар аралығындағы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың қорытындысы бойынша 2022 жылдың соңында ғылыммен байланысты 140 өндіріс құрылды. Оның ішінде 15 жоба АҚШ, Қытай, Ресей, Чехия, Грузия, Қырғызстан елдеріне экспортқа шықты», - делінген тілші сауалына орай берілген Ғылым және жоғары білім министрлігінің жауабында.

Қоса кетсек, бұған дейін шетелге кеткен ғалымдарды қайтаруға бағытталған бағдарлама әзірленетінін жазып едік.

Сондай-ақ, ғалымдарға арналған әлеуметтік жеңілдіктер пакеті дайындалып жатыр.