Бұл туралы «Казахстанская правда» газетіне сұхбат берген аталған агенттіктің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
«Бейжіңде өткен 64-ші халықаралық астронавтика конгресі аясында мен Қытай ұлттық ғарыш әкімшілігінің басшысы Ма Синжумен кездестім. Сол кезде мен басқарылатын космонавтика және қытай экипажы құрамында қазақстандық ғарышкердің ұшу мүмкіншілігін көтердім. Менің әріптесім біздердің ынтымақтастығымызда басқарылатын космонавтика саласында еш проблема жоқтығын әрі бұл мәселені қытай тарапы қарастыратындығын айтты», - деді Т.Мұсабаев.
Дегенмен оның айтуынша, 2016-2017 жылдары аралығында Халықаралық ғарыш стансасына қазақстандық ғарышкердің ұшуы мәселесі бойынша Ресғарышпен нақты және мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Осы уақытқа дейін Қазғарыш Халықаралық ғарыш стансасы экипажының құрамына қазақстандық ғарышкердің енуі үшін барлық жұмыстарды атқарды.
«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жайында Владимир Путинмен және Дмитрий Медведевпен 2 мәрте сөйлесті. 2009 жылы біздің ғарышкердің Халықаралық ғарыш стансасына ұшу мүмкіншілігі болған еді. Ұшу кестесі бірнеше жыл бұрын алдын ала жасалады. Ал Қазақстан ХҒС бағдарламаларына қатыспайды. 5 жыл бұрын кемеде бір бос орын болды. Ресейлік әріптестердің келісімімен бұл орынды Қазақстан азаматы иелене алар еді. Келісімшартқа байланысты 1 жыл жұмыстар жүргізіліп, оған мен және Ресғарыш басшысы қол қойды. Дегенмен бюджеттен 30 млн. доллар ақша табылмады», - деді Т.Мұсабаев.