«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы #БайқонырҒарышТохтар, #БайқонырҒарышТалғат #БайқонырҒарышАйдын хэштегтерімен челленджді іске қосты. Акцияны елдің барлық аймағындағы жасұландықтар қолдауда.
Қазақстан студенттер пльянсы өз кезегінде #АманБолыңыз #Ғарышкүны акциясын бастады. Оны еліміздің студент жастары қолдады.
Аталған челлендждің және акцияның мақсаты – жастар арасында қазақстандық космонавтиканы танымал ету және Қазақстанның батыр-космонавтары Т.Әубәкіров, Т. Мұсабаев және А. Айымбетовке құрмет көрсету.
19:10, 12 Сәуір 2021
Қазақстандық ғарышкерлерге құрмет көрсетуге арналған жастар акциясы басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін республикалық жастар ұйымдары космонавтика күніне арналған әлеуметтік желілерде челлендждер мен акцияларды іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.