Кешен «Нұраспан» деп аталады. Оның байқауға қатысып отырған өзге жобалардан ерекшелігі - ұлттық бейнесінде. Аталмыш жоба «Көрме» кешенінде 14-16 тамыз аралығында өтіп жатқан ЕХРО-2017 көрмесінің үздік эскиз-идеясы сәулет байқауы туындыларының көрмесінде қойылған. Сәулеттік эскиздер байқауының қортындысы бір айдан кейін анықталады. Жеңімпаз 150 мың АҚШ доллар көлемінде сыйақы алады.
12:51, 16 Тамыз 2013
Қазақстандық гербтің авторы EXPO-2017 сәулеттік жобасын жасады
АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық гербтің авторы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы Жандарбек Мәлібеков EXPO-2017 халықаралық көрмесіне арнап архитектуралық жоба дайындаған, деп хабарлайды news.delovoimir.kz сайты.