Қазақстандық гимнасшылар әлем кубогының финалына шықты

Фото: None
ПЕЗАРО. ҚазАқпарат – Италияның Пезаро қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жекелей сында Елжан Тәниева құрсау және лентамен өнер көрсетуден ақтық кезеңге шықты.

Сондай-ақ, топтық жаттығуларда команда көпсайыста 7-ші болып, турнирдің екі финалына шықты.