Әкім Мұсаев аттағы жаттығуда күміс медаль еншіледі. Алтын жүлде Қытай Тайбэйінің спортшысы Кай Чин Лиге бұйырса, беларусьтік Василий Михалицин үздік үштікті түйіндеді.
07:28, 28 Мамыр 2018
Қазақстандық гимнаст Әлем кубогында жүлдеге ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы Әкім Мұсаев Хорватияның Осиека қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰОК сайтына сілтеме жасап.