АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.
Ол тек армениялық спортшыларға ғана жол берді. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.
Бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Антальядағы әлем біріншілігі 2 сәуірде қорытындыланады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).