Қазақстандық гимнаст Словенияда өткен Әлем кубогында екінші орын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коперде (Словения) спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Аталмыш шараға қазақстандық Фарух Набиев қатысты. Ол 14, 350 ұпай жинап, екінші орын алды. Бірінші орынды түркиялық Серкан Демир (14,500) алса, үшінші орынға италиялық Марио Мачиати 14, 250 қол жеткізді.