Ол қолын тіреп секіруде 14.008 ұпай жинап, іріктеу сайысында төртінші орын алды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы белтемірде жаттығу жасаудан медаль үшін таласады. Ол 13.350 ұпаймен алтыншы орын алып, финалға өтті.
Еске салайық, қазақстандық гимнаст Милад Карими Токиодағы Олимпиада орындарында алтыншы орын алған болатын.