Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, оқытушысы Малика Казмагамбетова өзінің оқушысына дарынның сан қырын ашуға көмектеседі.
« Дилара - талантты әнші және мінезі де жақсы. Бала кезінен көру қабілетінде қиындықтар туындағанына қарамастан, үлкен сахнада өнер көрсетіп, көрерменге әдемі өнер сыйлауды армандайды « , - дейді Малика Казмагамбетова.
Ол дарынды студентінің алдағы уақытта талай белесті бағындырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытады деп үміттенеді.
« Музыка маған өз ойларым мен сезімімді жеткізуге, ал ерекше халық күйлері эмоциялардың тереңдігін түсінуге үйретті. Әсіресе қобыз аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын « , - дейді Диляра.