Қазақстандық Гөзал Айнитдинова ITF Junior турнирінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық тенисші Гөзал Айнитдинова халықаралық ITF G4 Junior «Capital cup» жасөспірімдер турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Турнир финалында ол өз отандасы Жібек Құламбаеваны 6:4,6:2 есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, Гөзал жартылай финалда Анастасия Хлестованы екі сетте 6:3,6:1 есебімен ұтты, жартылай финалда жерлесі Әйгерім Сүлейменнен басым түсті (6:2,6:2). Екінші раундыда қазақстандық Арина Талуенконы 6:3,6:3 есебімен жеңіп кетті, ал матчтың басталуында Беларусь теннисшісі Анна Скабелкодан күштірек екенін көрсетті.

Турнирге 10 елдің спортшылары қатысты.