Қазақстандық грек-рим балуандары Азия ойындарында үш қола алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Азия ойындарында күрес түрлерінен бәсеке аяқталады. Грек-рим күресінен 97 келіде ел намысын қорғаған Ерұлан Ысқақов қола жүлдегер атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ерұлан турнирді 1/8 финалдан бастап, Оңтүстік Корея өкілінен 1:6 есебімен ұтылған еді.

Қола медаль үшін күресте ол ирандық Әли Акбар Хейдаримен белдесіп, 10:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл грек-рим күресінен Қазақстан еншісіндегі үшінші қола медаль.