Жарысқа 20 елден 1800 спортшы қатысты.
Біздің жастардан құралған командамыз тоғыз медаль ұтты.
50 келіге дейін салмақ санатында үш палуан - Дастан Зарлыханов турнир жеңімпазы, екінші орында - Ернұр Фидахметов, үшінші орында - Ғалым Қабдынасаров. Айдос Сұлтанғалиға 60 келі салмақта ешкім тең келмеді. 120 келі ең ауыр салмақта Мансұр Шадуқаев күміс медальді жеңіп алды. Қоланы Данияр Марвен ұтты. Сондай-ақ Бағдат Үсенов (84 келі) пен Мерей Бекенов (66 келі) қола жүлдегерлер атанды.