Қазақстандық халықаралық «Демалыс-AstanaLeisure 2011» туристік көрмесі өтіп жатыр

None
ТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында 8-ші қазақстандық халықаралық «Демалыс-AstanaLeisure 2011» туристік көрмесі болып жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қарлығаш Кәкеннің айтуынша, бұл көрмеге Аргентина, Қазақстан, Қытай, БАӘ, Ресей, Тайланд, Украина, Швейцария елдерінен 60 компания қатысуда. «Бізге ішкі туризмді дамыту керек. Бұл тұрғыда біз жергілікті атқару органдарымен жұмыс жасап жатырмыз»,-деді ол.

Комитет басшысының сөзіне қарағанда, Қазақстан азаматтары негізінен Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, сондай-ақ соңғы жылдары Еуропа елдеріндегі Испанияға көбірек барады.

Аталған шараны ҚР Туризм және спорт министрлігі, Iteka (Қазақстан) көрме компаниясы ұйымдастырып отыр.