«KIOGE-2010 Конференциясы Қазақстан мен Каспий өңіріндегі мұнайгаз өнеркәсібі саласы бойынша атқарылатын айтулы шаралардың бірі болып табылады. Жыл сайын мұндай шараға әлемнің мұнайгаз нарығында көшбасшы саналатын және Каспий өңірі мен Орталық Азияда жетекші рөлге ие ірі қазақстандық және халықаралық компаниялар қатысады», делінген баспасөз баянында.
Жалпы, форум Қазақстан мен Каспий өңірі бойынша мұнайгаз нарығы үрдістерін сараптап, талдау үшін бірегей тұғырнама болып келеді.