Қазақстандық хоккейшілер 2018 жылғы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігінен айырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін Олимпиадаға іріктеу турнирінің F тобында екінші матчта жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sports.kz.

Франция құрамасымен болған ойын 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы тек екі ұпай ғана жинай алды. Бұдан ары қарай топтағы ойыншылардың жағдайы қандай болғанда да, жерлестеріміз квартеттегі 1 орынды иелене алмайды. Ал кореялық Пхёнчханда өтетін Олимпиадаға жолдама тек бірінші орын алған құрамаға ғана беріледі.

Жексенбі күні қазақстандық хоккейшілер Италия құрамасына қарсы ойнайды. «Kazsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Франция - Казахстан 4:1 (2:1, 0:0, 2:0)

Шайбалар:

0:1 - 00:20 Доус. Ойыншылар саны тең жағдайда;

1:1 - 07:10 Трей Саша (Шакиашвили). Ойыншылар саны тең жағдайда;

2:1 - 15:32 Флёри (да Коста). Ойыншылар саны тең жағдайда;

3:1 - 55:31 Флёри (Жаниль). Ойыншылар саны тең жағдайда;

4:1 - 57:40 Доуи (Трей Йорик). Ойыншылар саны тең жағдайда;

Штраф: 6:46 (2:2, 2:0, 2:4).