Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатының Бірінші дивизионында екінші болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы әлем чемпионатының Бірінші дивизионының «В» тобында барлық матчтар аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы активіндегі 10 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Қазақстандық хоккейшілер Латвия (2:1), Словакия (4:2) және Италияны (2:1) жеңді,    Қытай  (0:2) мен Польшаға (3:4 ОТ) есе жіберді.

  «В»  тобының қорытынды кестесі:

1. Словакия - 12 ұпай

2. Қазақстан - 10 ұпай

3. Латвия - 9 ұпай

4. Қытай - 8 ұпай

5. Италия - 4 ұпай

6. Польша - 2 ұпай

Осылайша, бірінші дивизионның «А» тобына  бірінші орын алған Словакия командасы шықты.