Қазақстандық хоккейшілер әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының 1-дивизионындағы ақтық ойындарын өткізіп жатыр

АЛМАТЫ. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін хоккейден Латвияның Вентспилс қаласында әйелдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1-дивизионындағы «А»тобындағы командалардың ақтық ойындары өтеді.

  Онда  қазақстандықтар Жапония спортшыларымен сайысқа түсуде. 25 наурызда басталған  бұл дүбірлі додада Қазақстан құрамасы жексенбіде Латвияға - 2:3,  дүйсенбіде  Австрияға - 2:6, сәрсенбіде  Норвегияға - 1:2, ал кеше  Чехияға  2:3 есебімен есе жіберген еді. Былтыр Швейцарияда өткен Әлем чемпионатында элиталық  дивизионда өнер көрсеткен қазақстандықтар өз орнын Словакия құрамасына босатқан болатын. Биыл 1-дивизионға түсіп қалған олар элиталық дивизионға қайта оралу мүмкіндігін жүзеге асыра алмауда.