Sports.kz ақпаратына қарағанда, Энтони Питерстің қақпасына Александр Шин алғашқы шайбаны енгізді, бұдан кейін Майк Каззола есепті теңестіріп, ал Джош Дэй мен Мэтью Майоне канадалықтарды алға шығарды. Екінші кезеңде есеп айырмашылығын Крис Куллиган мен Ник Макнил ұлғайтты. Үшінші кезеңде матч қорытындысын өз есептеріне екінші шайбадан жазған Куллиган мен Шин шығарды.
11:22, 22 Желтоқсан 2013
Қазақстандық хоккейшілер Бүкіләлемдік қысқы универсиадада күміс медальді жеңіп алды
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның студенттік командасы Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың финалдық матчында 2:6 есебімен Канада командасына жол берді.