Қазақстандық инвесторларға Гонконгте қандай жеңілдіктер беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гонконгтің арнайы әкімшілік ауданы жанындағы «InvestHK» агенттігінің бас директоры Стивен Филлип қазақстандық инвесторлардың Гонконгте қандай жеңілдіктер алатынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стивен Филлипс - Ұлыбритания азаматы және Гонконг үкіметінің мемлекеттік қызметшісі. Мұны спикер Гонконгтегі басқару жүйесінің бірегейлігі деп түсіндірді.

«Гонконг «бір мемлекет - қос жүйе» ұстанымын жүзеге асырып келеді. Мұнда басқарулдың өзгеше жүйесі, өзге заңнамалық, атқару, салық және қаржы жүйелері қолданылады. Бүгінде Гонконг экономикасы Қытайға қарағанда, Ұлыбритания мен Аустралия экономикасына көбірек ұқсайды. Гонконг британдық прецедентті құқық ұстанымдарына негізделген. Осылайша, Гонконг Ұлыбритания, Канада, Аустралиядағы контрагенттерімен жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған қазақстандық компаниялар үшін барынша түсінікті және ашық», - деді Стивен Филлип.

Оның айтуынша, Гонконгтің арнайы әкімшілік ауданы қазір әлемдегі либералды және еркін экономикалардың бірі болып отыр.

«Ең алдымен, Гонконгте қарапайым және төмен салық салу тәжірибесі жүзеге асырылып келеді. Бізде салықтың екі түрі бар: корпоративтік кірістер мен жеке табыс салығы. Компанияның 250 мың АҚШ долларына дейінгі алғашқы табысына салынатын салық 8,25% болса, содан кейін 16,5% ставкасы қойылады. Жеке табыс салығы да тегіс емес, үдемелі, ора есеппен халық 5,7% төлейді. Бізде айналымдық немесе жанама салықтар жоқ.

Бізде сатылым салығы, ҚҚС, капиталға салынатын салық, зерттеулер мен дивидендтер жоқ», - деді агенттіктің бас директоры.
Қазіргі уақытта Гонконгте экономиканың инновациялық құраушысы, қызмет көрсету секторы, қаржы қызметтері, корпоративтік қызмет көрсету және халық тұтынатын тауарларын тарату салалары жолға қойылған.

«Бүгінде инновациялық даму саласында Гонконг үкіметі басым секторларды анықтады. Ең алдымен, жасанды интеллект, биотехнология, қаржы технологияларын дамыту міндеті тұр. Біз бүкіл әлемнен осы салаларда жобаларды жүзеге асыра алатын дарындыларды шақырамыз. Гонконг үкіметі осы салаларды дамытуға 10 миллиардтан астам АҚШ долларын бөлді», - деді ол.

Аға кеңесші Леонид Орловтың айтуынша, қазіргі уақытта Гонконг платформасын «Қазақмыс» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниялары еншілес компанияларымен бірге пайдаланып отыр.

Ол бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшылығымен, «Қазпошта» АҚ және «Самұрық-Қазына» қорымен кездесу өтетінін атап өтті.

«Бізге Гонконгта ақша қажет емес, ресейлік те, қазақстандық да қаражат қажет емес деп айта аламын. Гонконгте ақша жеткілікті. Біз үшін Гонконгте құрылған инфрақұрылымды пайдалану өте маңызды. Себебі, компаниялар келіп, осы инфрақұрылымды қолдана бастаған соң, біздегі жалпы ішкі өнім артады. Біздің экономикамыздың 95% қызмет көрсету экономикасы құрайды. Біз тауар шығармаймыз, біз тек қызметтер жасаймыз», - деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге, Стивен Филлипс Гонконг экономикасына адами ресурс тарту жұмыстары жөнінде айтып берді.

«Қазақстан жастары үшін бұл үлкен мүмкіндік, себебі алдағы 20 жылда Гонконгте білікті жұмыс күші жетіспейді деп болжанып отыр, шамамен жарты миллион адам қажет болады», - деп атап өтті ол.

«Белгілі бір технологиялық дарындарды тарту бойынша бағдарламалар бар. Квоталар жыл сайын анықталады. Гонконгте жұмыссыздық атымен жоқ деуге болады, себебі мамандарды тарту бағдарламасын шектеу туралы үкіметке қысым жасалмайды. Біздің компаниялар үнемі ашық және мамандар іздеуді тоқтатпайды», - деді Стивен Филлипс.