«Халықаралық Армия ойындары аясында әскерилер арасында 23 конкурс өтсе, соның бірі - «Қауіпсіз бағдар» және «Инженерлік формула» жарыстары. Қазақстандық инженерлік әскерлер бұл екі байқауға алғаш рет қатысқалы тұр», делінген жазбада.
Додада инженерлік техника экипаждары бәсекеге түседі. «Қауіпсіз бағдар» байқауы - бұл инженерлік-саперлік бөлімшелердің сайысы. Саперлер байқау шеңберінде өткелді, миналық алаңды минасыздандыруды жүзеге асырады, әскерлерге арнап жол төсейді. Инженер-әскери қызметшілер танкіге қарсы ор арқылы көпір салады. Жарысқа шұңқырды көміп тастайтын жол төсегіш, орман үйіндісін тырмалайтын инженерлік қоршау машинасы тартылатын болады. Байқау эстафетамен аяқталады.
Еске сала кетсе, сайысқа Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қытай сияқты төрт мемлекеттің командасы қатысады. Ұйымдастырушылар біздің команданы қонақжайлықпен қарсы алып, 187-ші оқу-жаттығу орталығының казармасына орналастырды.
Конкурс 2 тамыз күні ресми түрде бастау алады. Ойынның финалы 9 және 11 тамыз күндері өтеді.
фото: facebook.com/modgovkz