(НИН KZ2C0Y05E529, айналым кезеңі 26.07.2018 - 08.08.2018 жж, купондық ставка - 6,0% шекті) «Рейтингтік бағалаумен борыштық бағалы қағаздар» санаты бойынша теңгенің АҚШ долларына девальвациясының индекстелген деңгейі бойынша 14-і шығарылымдағы купондық облигацияларын бастапқы орналастыруды жүзеге асырды. Орналастыру барысындағы өтеуге қатысты кірістілігі жылдық 6 пайыздық ставканы құрады. Бұл туралы «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.
«Аталған облигацияларды орналастырудан түсетін қаражат екінші деңгейлі банктерден АҚШ долларына деномирацияланған ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқықтарын иеленуді қаржыландыруға бағытталатын болады. Аталған облигацияларды орналастыру андеррайтеры болып «Halyk Finance» АҚ қатысқан».