деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Арнайы сыйлықтармен ең үздік вокалдық жұмысы үшін Нури Ким және көрермендер көзайымы сыйлығымен Костя Данилов марапатталды.
«Фестиваль өте жақсы өтті. Испанияда балаларға деген көзқарас ерекше екен. Біздің Нури Ким Барселона қаласында өткен гала-концертте испан әншісі Мереямен бірге ән айтты. Фестивальды тамашалаған осы елдегі Қазақстан консулы біздің өнерімізге тәнті болып, жетістігімізді мақтан етті», деді хордың жетекшісі, әрі дирижеры Лариса Димурина. Оның айтуынша, жетістікке жетуіміз қазақстандық, испандық үздік әндерді таңдауымызда болды.
«Іскер» хоры 1984 жылы құрылған. Оған 8 жастан 24 жасқа дейінгі балалар қатысады. Репертуарларында қазақ, орыс, батысеуропалық композиторлардың классикалық шығармалары, джаздық, сонымен қатар фольклорлық және бүгінгі заман музыкалары бар. Хор, әсіресе қазақтың халық музыкасын насихаттап келеді. 1997 жылдан бері «Іскер» Ресейдің «Юность планеты» деп аталатын халықаралық ұйымның мүшесі. Ал, 1999 жылдан Германияның «Интеркультур» және «Музыка Мюнди» халықаралық ұйымының мүшесі болып табылады.
«Іскер» хоры көптеген фестивальдер мен байқаулардың, атап айтқанда Литвада өткен хор өнерінің, Ресейдегі «Гимн Великому Городу» халықаралық фестивалінің, Австрияда өткен 1-ші Хор олимпиадасының, Италияда өткен Исол Дель Соле хор фестивалінің, Оңтүстік Кореяда болған 2-ші Хор олимпиадасының, Германиядағы 3-ші Хор олимпиадасының жеңімпаздары.