«Trofeo Bastianelli жолы «Астана» құрлықтық командасы спортшыларына екі жыл қатарынан табыс әкелуде. Осы жолы да олар өздерін үздік көрсете білді. Артур Федосеев топ жарып алға озды, соңынан оған шағын тобымен Тілеген Майдос қосылды. Жарысты қазақстандық спортшылар жіті бақылап отырды. Финалда Федосеев екінші орынды иеленді», - делінген таратылған ақпаратта. Велошабандоз табысқа жаттыққан топтық әрекет арқасында жеткенін айтты.
«Мен қашықтық ортасына жақындай алдым. Ал 10 шақырымнан кейін мені Тілеген тобы қуып жетті. Біз бір-бірімізге көмектесіп, біраз қарсыластық, мәре сызығына жақындағанда, көшбасшы топтармен жүлдеге таластық. Нәтижесінде маған екінші орын бұйырды», - деді Артур.