Қазақстандық іздеушілер Ресейдің Новгород облысында өтетін «Еске алу вахтасына» қатысады

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейдің Новогород облысының аумағында Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің сүйектерін іздеу жөніндегі дәстүрлі «Еске алу» вахтасы биыл да өтеді.

Экспедициялардың жұмысына Ресейден, Қазақстаннан және Балтық елдерінен іздеушілер қатысқалы отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Негізгі іздеу шаралары облыстың 7 ауданының аумағында, оның ішінде Валдай, Новгород, Демян аудандарында жүргізіледі. «Еске алу вахтасы» сәуірдің 24-і мен мамырдың 8-і аралығында өтеді. «Отан қорғау кезінде облыс аумағында қаза тапқан жауынгерлерге ескерткіштер орнату» туралы облыстық бағдарламаны жүзеге асыру аясындағы осы және басқа да шараларға 2009 жылы 4 миллиондай рубль қарастырылып отыр.