Кеше бапкерлер штабы еркін күрестен команданыңқұрамын жариялады. Дәстүрге орай, жас балуандар соңғы дайындық жаттығуларын екіжыл бұрын Алматыда ашылған Еркін күрес академиясының базасында өткізді.
«Әлем чемпионаты, биылғы жарыстардың бастысайысы. Оған біздің команда тас-түйін болып отыр. Дайындығымызды пысықтау үшінЕркін күрес академиясының базасында бүкіл жағдай жасалған. Ол үшін ҚазақстанныңГрек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшылығына алғысбілдіремін», - дейді Қазақстан құрамасының аға бапкері Еркебұлан Кешубаев.
Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Софиядаөтетін кадеттер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы мына құрамыналып барды: Еламан Амангелді (45 кг), Нұрдәулет Базарбаев Нұрдәулет (48 кг),Жохангир Ахмаджанов (51 кг), Жәнібек Иманжан (55 кг), Ақниет Төлегенов (60 кг),Олжас Олжақанов (65 кг), Нұрдәулет Қуанышбай (71 кг), Бекзат Аманғали (80 кг),Бекзат Тәжи (92 кг), Ислам Тагиров (110 кг).