деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Егер өткен жылы тиісті заңнамалық базасыз, негізінен әкімшілік әдіспен жұмыс істесек, ал биылғы жылы тиісті заң мен қаулы бар. Сондай-ақ қазақстандық қамтуды растайтын сертификат бар. Сондықтан қамту бойынша нәтиже өткен жылға қарағанда жоғары болуы тиіс», деп атап өтті Ө. Шөкеев.
Екі облыста 23 миллиард теңгеге меморандумдарға қол қойылғанын жеткізген ол, «бұлар көлемді меморандумдар. Мәселен, оның біреуі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Ақтөберентген» арасында бекітілді. Біз отандық компьютерлік томографты шығаратын боламыз. Осыған байланысты осында ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды», деді.
Айта кетейік, Үкімет отырысы барысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов 2009 жылдың қорытындысы бойынша жүйе құраушы кәсіпорындардағы жалпы көлемдегі тауарларды сатып алу, қызмет көрсетулер тұрғысында қазақстандық қамту үлесі 60 пайызды құрағанын жеткізді.