ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстандық каноэші Александр Куликов Токиодағы олимпиадада сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Каноэ есуде Куликов екінші әрекетте 105,43 секунд (2 секунд айыппұл) уақытты көрсетіп, 14-орынды иеленді. Бұл нәтиже жарыстың жартылай финалына шығуға жеткілікті болды. Ертең болатын жартылай финалға барлығы 15 спортшы өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы Олимпиадада Қазақстанда әзірге бір қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды. Жалпы ел намысын 27 спорт түрінен өнер көрсететін 97 атлет қорғайды. Олимпиада 8 тамызға дейін жалғасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.