Қазақстандық каноэшы әлем чемпионатында жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандық каноэшы Әнуар Акчурин юниорлар арасында (18 жас және одан да төмен) каноэ мен байдарка есуден өтіп жатқан Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық спортшы 200 метрлік қашықтықты 40:093 көрсеткішімен «күміске» қол жеткізді, «қола» белорустық спортшы Виталий Азетскидің еншісінде (40:190), алтын медальді ресейлік спортшы Никита Некрасов иеленді (39:767).

Айта кетейік, юниорлар (18 жас және одан да төмен) мен жасөспірімдер арасындағы ( 23 және одан жас) арасындағы каноэ мен байдарка есуден Әлем чемпионаты Болгарияның Пловдив қаласында 26 шілдеден бері өтіп жатыр. Финал ертең  29 шілдеде өтеді. Кеше қазақстандық Алтынбек Қожахметов 1000 метрлік қашықтықта күміс медальді иеленген болатын. Сонымен қатар, юниор қыздар арасында каноэшы Гүлжайна Тыныбекова 500 метрлік қашықтықта бесінші орыннан көрінді.

Жарысқа әлемнің 67 мемлекетінен спортшылар қатысып жатыр. Қазақстанды 17 спортшы бастап барды. Олардың 12-сі кіші және бесеуі ересек топтағылар.