Аталған спорт түрінен қола медальді де отандық спортшылар Емельянов Сергей және Емельянов Тимофей иеленді. Хайдаров пен Медетов қашықтықты 36.823 секундта есіп өтсе, Емельяновтар белгіленген шақырымды 37.371секундта еңсерді. Алтын медаль ресейлік Александр Ковалев пен Иван Штильге бұйырды (36.672сек).
Айта кетейік, жарысқа әлемнің 52 мемлекетінен 600 ден астам спортшы қатысты. Байдарка мен каноэ есуден II Әлем кубогы мамырдың 25- 27 аралығында Германияның Дуйсбург қаласында өтті.