АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов халықаралық «Premier League Paris» турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Қазақпарат.
60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған отандасымыз Асаділов финалда бразилиялық Дуглас Брозені тізе бүктірді. Ал қола медалді өзбекстандық Садриддин Сайматов пен франциялық Йоанн Лопеш өзара бөлісті.
Әйелдер арасында сынға түскен тағы бір отандасымыз Сәбина Захарова 55 келі салмақ дәрежесінде бесінші орынға ие болды.
Фото:prosports.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.