Қазақстандық каратеші Токиодағы Олимпиада ойындарында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

ТОКИО. ҚазАқпарат – Қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов Токио қаласындағы Олимпиада ойындарында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Топтық кезеңде Нұрқанаттың бірінші қарсыласы Аустрия спортшысы Цунэари Яхиро болған. Жекпе-жек 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Енді Н.Әжіқанов неміс спортшысы Ноа Битшпен күш сынасады.

Іріктеу кезеңінде барлық қатысушылар екі топқа бөлінген. Жартылай финалға әрбір пулдан төрт жекпе-жектен кейін ең көп ұпай санын жинаған екі спортшы шығады.


ФОТО: Владислав Семёнов, Қазақстан ҰОК