АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасында XIX Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні командалық сында жүлделі орындар сарапқа салынды.
Кумите бағдарламасында Қазақстан ерлер командасы күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен, чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медальмен алғаш рет жалпы есепте топ жарды. Жапония каратэшілері (3 алтын, 3 күміс, 2 қола) екінші орында, ал үздік үштікті Иран (3 алтын, 2 күміс, 7 қола) құрамасы түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиада жүлдегері Софья Берульцеваның Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында тағы 6 медаль жеңіп алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).