АСТАНА. ҚазАқпарат – Малайзияның Малакка каласында WKF каратэден ересектер арасында өтіп жатқан ХІХ Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жарыстың екінші күні кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Қайсар Алпысбай (-60 кг) чемпион атанды.
Ал Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Гүлмира Үсенова (-55 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ Данияр Юлдашев (-84 кг) пен Абылай Төлтай ( 84 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.
Қазіргі кезде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Одан кейін Иран мен Иордания тұр.
Қытайдың Ханьжоу қаласында болатын жазғы Азия ойындарына басты дайындық ретінде өтіп жатқан чемпионат жексенбі күні мəресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын олимпиада жүлдегері Софья Берульцеваның Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).