«Біз өзіміздің алдымызға ауқымды міндеттер қойып отырмыз. Олимпиадаға дайындалатын балалардың өздерінің бағдарламалары, жарыстары, жиындары, жаттығулары болады. Оларда қандай лицензиялық жарыстар болады, олар өздерінің жеке рейтингтерін қалай жинайтыны жақында белгілі болады. Егер олар мүмкіндігінше жоғары ұпай жинайтын болса, онда Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алады. Бұл әрине, ересектерге қатысты»,-деді Дукуева.
Оның сөзінше, каратэ-до спортымен айналысушылардың жалпы саны Астанада бүгін 600 адамға жетеді.
«Биылғы жылы біз Азия чемпионатына бардық. Онда алғаш рет ағайынды Қабдуллаевтар жеңіске жетті. Олардың бірі «като», екіншісі «кумитэ» бағдарламасы бойынша өнер көрсетті. Ағайындылардың үлкені Алишер Қабдуллаев каратэ-додан екі дүркін Қазақстан чемпионы, әлем чемпионы, ол үшінші орынды жеңіп алды.
Олардан өзге тағы екі бала бар. Оларды дамыту үшін тәжірибе, қаржы, ұмтылыс пен әлеует қажет. Бұл балаларда оның барлығы да бар»,-деді Дукуева.
Айта кетейік, бүгін Оқушылар сарайында «каратэ-до-шотакан» бағдарламасынан оқу-аттестациялық семинар өтті. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және каратэнің Олимпиада түріне енгізілуіне арналған «Үздік каратэ» атты семинарлар сериясы ұйымдастырылды.
Шараның басты қонағы КСРО-ның спорт шебері, қара белбеу иегері, WKF каратэ-ден Ресей құрамасының бас бапкері Олаг Цой болды. Шара барысында ол түрлі әдіс, тәсілдерді қалай қолдану қажеттігін көрсетіп, мектеп оқушыларына белбеу алу бойынша аттестация қабылдады.