Қазақстандық картина «Оскар» үшін күресуде

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» фильмі «Оскарға» ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат gakku.kz сайтына сілтеме жасап.

Кинокартина беделді сыйлық үшін «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымында бақ сынайтын болады.

Тарихи драма Ермұқан Бекмахановтың тағдырына арналған. Тарихшы Кенесары Қасымұлының қолбасшылығымен болған көтеріліс туралы ғылыми тұжырымдары үшін қудалауға ұшыраған болатын. Картина прокатқа ағымдағы жылдың мамырында шықты.

Басты рөлді Берік Айтжанов сомдады, Кенесары ханның рөлі Санжар Мәдиевке бұйырды.

Фильм Қапшағай маңында түсірілді.