Мәскеуде өткен бокс кешінде жартылай салмақтағы боксшы Өмірбай Жантілдің қарсыласы ресейлік Виктор Селезнев болды. Бұл екі спортшының да кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жектері.
Өмірбай Жантіл қарсыласының өзінен ұзын болуына қарамастан алғашқы секундтардан-ақ өзінің кәсіби мықтылығын көрсете білді. Ол В.Селезневті бірнеше рет қатарынан соққылап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Екі рет нокдауын алып қалған В.Селезнев айқасты жалғастырғысы келгенімен, төреші бәсекені тоқтатты.
Боксшының келесі кездесуі 8 қыркүйек күні Санкт-Петербургте Фируза Шарипованың жекпе-жегінің андеркартында өткізеді.
Айта кетсек, Ф.Шарипова аталған бокс бәсекесінде Ө.Жантілдің қасында болды.