деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Форумда негізінен ауылшаруашылық саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, азық-түлік өнімін қайта өңдеу және қаптау, мақта өндіру, текстиль мен энергетика саласы, минералды шикізат сияқты тақырыптар талқыланады.
Францияда өтетін бұл бизнес-форум Париж бен Ыстамбұл қалаларының сауда-өнеркәсіп палатасының қолдауымен өтпек. Осы шара барысында қазақстандық кәсіпкерлерге франциялық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу үшін дербес келісімдер жүргізуге мүмкіндіктер тумақ.
Қазақстандық делегаттарды Алматы қаласының сауда-өнеркәсіп палатасы жасақтап апарады.