Қазақстандық кәсіпкерлер оқушылармен тәжірибе бөлісуде

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының мектептері мен колледждерінде «Қаржылық сауаттылық күні» өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның негізгі мақсаты - қатысушыларды қаржылық мәдениетке баулу.

«Қаржылық сауаттылық күнін» Қарағанды облысының Білім басқармасы және Қарағанды облысының Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Сынып сағаттарында оқушылар мен студенттерге бюджетті қалай дұрыс жоспарлау керектігі, өз ісін ашу, банктік операцияларды өткізу және кірістерді басқару туралы айтылды.

Сабақтан тыс дәрістерде тақырыптық ойындар ұйымдастырылды және ақпараттық стендтер дайындалды.

Оқу орындары бизнесмендер мен банк қызметкерлерін шықырып, олар өз тәжірибелерімен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді.

Мысалы, Ахмет Байтұрсынов атындағы № 41 мектеп-гимназияда «Нәтиже» компаниясының президенті Ерлан Әшімов болды. Ал «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатына «Халық банктің» маманы Данира Абдрахманова қонаққа барды. «Білім инновация» лицей-интернатына «BTS digital» компаниясының президенті Саясат Нұрбек шақырылған.
«Қаржылық сауаттылық - ең негізгі икемдердің бірі. Бізге бұл машықтарды түрлі ойындар және дәрістер арқылы үйретеді. Бұған қоса, көптеген көрнекті адамдармен кездесу сәті түсті. Олар бізге ақшаны қалай жұмсап, оның қалай көбейтуге болатыны туралы айтып берді», - дейді №41 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Нарықбай Нүркен.

«Қаржылық сауаттылық күні» акциясы Қарағанды облысында жыл сайын өткізіледі. Биылғы жылы ол төртінші рет ұйымдастырылды.