Қазақстандық кәсіпкерлер Президентке алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматылық бизнесмен Тоқталық Зиекенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына алғыс хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқталық Зиекенов суды құмнан, тот пен балшықтан тазалауға арналған полипропилен сүзгілер шығаратын еліміздегі жалғыз өндіріс ошағының негізін қалаған. Ол Қазақстан Президентіне жолдаған хатында пандемия кезінде халыққа қолдау көрсеткені, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек бергені үшін ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар кәсіпкер отандық кәсіпкерлерге белсенді түрде қолдау көрсетіліп жатқандығын, соңғы жылдары тегін оқу курстарынан өту, субсидиялар мен кепілдер алу мүмкіндігі жасалғандығын атап өтеді. Тоқталық Зиекеновтің атап өтуінше, оның компаниясы ТМД елдерінің ішінде ең бірінші болып өндірушілердің Alibaba.com халықаралық порталына қатысушы болды. Мемлекет қолдауының арқасында полипропилен сүзгілері Қырғызстан, Өзбекстан және Македония елдеріне экспортқа шығарылуда.

«Шындап келгенде ұлтымның барлық жетістігін жазып шығу ұзақ уақытты алады. Дегенмен, бұл - Сізге Жолдауларыңыз бен үндеулеріңіз үшін ризашылығын білдіретін бақытты азаматтың хаты. Расында да Сіздің қолдауыңыз әрбір тұрғынға жетіп жатыр. Бизнесім үшін елімнен өте көп қолдау таптым. Барлық жүйе жұмыс істеп тұр және бұл Сіздің жұмысыңыздың тамаша жетістігі. Мен еліміздің бірінші тұлғасының қамқорлығын сезінемін. Елімнің атынан сүзгілер шығарып жатқанымды мақтан тұтамын. Мен Сізбен, еліммен мақтанамын»,- деп жазады бизнесмен.

Сонымен қатар Тоқталық Зиекенов хатында хлордан тазалауға арналған көмір фильтрлер өндірісі бойынша жаңа кәсіпорынның ашылғандығын атап өтеді. Бұл аталған тауарларды өзге мемлекеттерден импорттау қажеттілігін жояды.