Ал Саналы ауылындағы «Желмая» өндірістік кооперативі түйе сүтін өндірумен айналысуда. Мұнда күніне 1 тоннаға дейін шұбат сауылып, арнайы ыдыстарға құйылады. Кейін Астана, Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Биыл кәсіпорын шұбаттан йогурт дайындауды қолға алғалы отыр.
Арыс қаласының дихандары соңғы жылдары тамшылатып суару әдісімен табыстарын еселей түсуде. Былтырғы жылы өңір бағбандары 5500 гектарға егілген бақшадан 134 мың тоннадан астам қауын-қарбыз жинаған. Оның 56 мың тоннасы Германия, Балтық жағалауы елдері мен Ресейдің Мәскеу қаласына және Новосібір, Пенза, Самара облыстарына жөнелтілген.
Бұдан бөлек, 63 мың тонна қауын мен қарбыз Астана мен Алматы қаласына жіберілсе, қалғаны облыс нарығына саудаға шығарылған. Шаруалар алдағы уақытта Сырдария және Арыс өзендерінің игілігін тиімді пайдаланып, өздеріне тиесілі алқаптарда еселі еңбектерін жалғастыра беруге ниетті.