32 жастағы боксшы Данияда жекпе-жек өткізеді. Кездесу 12 кезеңнен тұрады. Қазақстандық бірінші ауыр салмақтағы Global Boxing Council белбеуін қорғауы мүмкін.
Boxrec.com ресурсының ақпаратынша, қазақстандықтың қарсыласы әлі анықталмады. Бүгінде Ақбербаев 16 рет жеңіске жеткен. 11 қарсыласын нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, бұл Иса Ақбербаевтың 2016 жылғы бірінші жекпе-жегі болмақ. Ол соңғы жекпе-жегін былтыр маусым айында бразилиялық Жулио Сезар Дос Сантоспен өткізіп, жеңіске жеткен еді.